Районный конкурс сочинений «Моя мама – учитель».
Талгатова Нурия ученица 6 «А» класса
стала победителем районного конкурса сочинений
«Моя мама – учитель».
Менің анам-мұғалім.
Жазған: Талғатова Нүрия,
6-сынып оқушысы
Дайындаған: Нұрғалиева Күлжиян Таласпайқызы.
Аялаған мені, ән қанатыңмен,
Құттықтаймын мама, салтанатыңмен!
Бақытты ғой заман, қандай көңілді,
Мен тілеймін саған, ұзақ өмірді!
Иә, менің анама деген ыстық сезімімді жеткізер сәттегі әнім-осы ән. Бұл ән менің балалық жүрегімнен орын алғалы да біраз уақыт болып қалды. Әсіресе, өмірдегі маған нұрын төгіп, мені шаттандыратын ,ол менің анам ғой, деп ойлап кетсем, бойымда бір жылылық , күш-қуат пайда болады. Ал, менің анам жай ғана ана емес, ол жүрегінің шапағаты мен шуақты жылуын бізден басқа да балаларға жеткізе білетін қарапайым –ұстаз ана.
Кезінде, атақты педагог ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық-бұл адам тану,адамның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу болып табылады »,-деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген.Осынау бағаны ұлы педагог еліне еңбегімен сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған, отбасының береке-бірлігін жарастырған жандарға арнап айтқан болар деп түсінемін. Міне менің анам Әлия Талғатқызы дәл осы бағаға лайықты асыл ана, ұлағатты ұстаз. Бойындағы күш-қуаты мықты шағында, асыл арманы мен ұшқыр қиялы оны , ұстаздық жолдан бірақ шығарған екен. Бірнеше жыл жұмыс жасаған уақытта ол мұғалімдік қызметтің қыры мен сырын жетік меңгерген білікті маман ретінде танылды. Анамыздың жеткен жетістігіне біз де бірге қуанамыз.Сондықтан да «Айналайын, мама қуанышыңмен» деп әндетіп те кетемін.
Отбасында, ошақ қасында біздің еркелігімізді ана ретінде қабылдап, қателігіміз болса түзеп, түзу жолға салып та жіберетін осы - асыл анам. Сонымен қатар менің анам-он қолынан өнер тамған , тамаша суретші , өте шебер адам десем артық айтпаған болармын. Мен оқитын мектептің кіре беріс дәлізінен бастап, барлық қабаттағы безендірілген суреттер, өсімдіктер бұрышының рәсімделуі бәрі менің анамның қолынан шыққан еңбек. Мектепке бірінші рет келген көптеген адамдардың, ата-аналардың ,тіпті әріптестерінің анам салған суреттерден көз алмай қарап, тамсанып тұрғандарын талай байқадым. Сол сәттегі менің мақтанышыды көрсеңіз ғой, тілмен айтып жеткізу мүмкін емес әрине. Анам бізге «Керек тастың ауырлығы жоқ», ана бір бұтақты ала салшы немесе әдемі тастарды көрсе, мынаны жинап сала қойшы деп жиі айтатыны есімде. Ішімнен ұнатпай тұрсам да, анамның көңілін жықпай жарайды деп, айтқанын орындаймын, артынан байқасам солардан,
адам нанғысыз көркем заттар пайда болады. Міне керемет, деп таң-тамаша боламын!
Тіпті бірде мынадай да қызық болды, бізге сынып жетекшілеріміз түрлі-түсті, үлкен-кіші түймелер болса әкелуді тапсырды. Ойымда ештеңе жоқ, мен де үйден бір уыс қылып әртүрлі түймелерді мектепке алып келдім,сол қалпы ұмытып та кеттім.Біраз уақыт өткен соң, балалар асханада тамаша бір «стенд»пайда болдыпты, жүр көрейікші деп мені де алып барды. Расында да міне қызық манағы біз әкелген түймелерден жыл мезгіліне сай, көркем бейне жарқырап тұр. Мұны жасаған менің анам екенін, сол жерде оқушылардың айтуынан түсіндім. Міне ғажап деп таң қалдым!
Әдетте біреуге тілек тілегенде «жүз жаса» деп жатады. Жақсы тілек жүзге келгенге не жетсін. Анама деген сәбилік тілегім де осы. Ұлы данышпанымыз Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» деген тамаша сөзінің мән-мағынасын біз, өзін-өзі тану сабағында талай рет естіп, мұғалім апайдың түсіндіру лебізін де тыңдаймыз. Міне осы бөлмедегі «Жүректен-жүрекке» стендін де менің анам жасап берген болатын .Ыпыр-жыпыр қаптаған әдемі көбелектермен безенділген суреттер адамды еріксіз өзіне тартатындай. Соларға қарап отырып, талай-талай терең ойға да шомасың.Өзің де дәл осы көбелектердей ұшып кететіндей боласың. Қалай-қалай жасаған, не деген шыдамдылық деп еріксіз мойындайсың. Міне менің анам қандай шебер екенін түсінген боларсыздар. Басқа емес өзім де анамның қолынан шыққан заттарға , сүйсініп, тамсанып, қызыға қарап отырамын. Кейде «Жүрегім жыр толғайды, көңілім ортаймайды, анасы бар адамдар , ешқашан қартаймайды» деген өлең жолдарын тыңдағанда, маған мынадай ой келеді, анам мен әкем, бауырларым барда ешқашан қартаймайтын шығармын деп мәз боламын. Шынында да әлемнің жарығын бізге сыйлап, түн ұйқысын төрт бөлген аналар туралы қандай ән айтсақ та, артық болмас деп ойлаймын. Өз ойымды жинақтай келе, ана өмірдің күні, әр отбасының гүлі ал мектептің жүрегі деп айтар едім. Егер отбасында шуағын шашқан ата-анамен, сылдырлаған күлкісі тиылмайтын жас сәбилер алаңсыз өмір сүрсе, нағыз бақыт осы деп түсінемін.
Ал, өз анам менің ақ тілегім мен махаббатым, мақтанышым! Бүгінгі шығармамды анашым менің, ақырын жүріп,анық бас, еңбегің кетпес далаға, ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға деген тілекпен аяқтағым келеді.
13.03.2017
0