2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа арналған"Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты жыл сайынғы Жолдауды ұсынды.
Білім күнін мерекелеу аясында 1-11 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілері "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм" тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізді.
Білім күні - бұл барлық оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер үшін мереке күні. Бұл бірінші сынып оқушылары үшін көптен күткен алғашқы қоңырау, түрлі түсті гүлдер, ақ бантиктер мен қуанышты эмоциялар!