Меню KDT
14.png?_=1
СОШ №17"

Мектеп туралы

«Рузаевская орта мектебі» КММ – сапалы білім беріп, шәкірттердің жан-жақты дамуына, білім мен біліктіліктерін арттыруға ұмтылатын оқу орны. Мектеп заманауи оқу кабинеттерімен, оның ішінде информатика кабинеттерімен, жаратылыстану пәндерін оқытуға арналған зертханалармен және спорт залдарымен жабдықталған. Оқу орны түрлі олимпиадалар мен спорттық жарыстарға белсене қатысады.

Толығырақ
shape1.png

Связаться с нами

Адрес

с.Рузаевка
ул. Каримова 150А

Телефон

+7(71535)32318
+77013461056

E-mail

press@edu.gov.kz

Достижения Школы

Общая статистика школы за период деятельности

  • 1342
Количество учеников
23042
Количество выпускников
48
Количество Учителей
104
Количество Выйгранных Олимпиад

Новости и События Школы

Последие новости, события и мероприятия Школы

"Рузаевка орта мектебі" КММ кітапханасының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылдың 3 ақпанында кітапхана меңгерушісі Д.С.Касенова қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай "Жамбыл деп қойылыпты атым сонан..." атты кітап-иллюстрациялық көрмесін рәсімдеді. Көрме оқырмандарды ақынның бай және жан-жақты шығармашылық мұрасымен таныстыруға бағытталған. Экспозицияда Жамбыл Жабаевтың өлеңдер жинағы, оның өмірлік және шығармашылық жолының негізгі кезеңдерін ашатын материалдар, соғыс жылдарындағы оқиғаларға арналған шығармалар, сондай-ақ ақынның кіші отанындағы мұражайы туралы ақпараттық материалдар ұсынылған. Көрменің мақсаты - оқушылардың Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесін ашу, Қазақстан халқының ұлттық рухани мұрасы мен мәдени құндылықтарына құрметпен қарауды қалыптастыру.