
Образование
01.11.2023
Мектеп лигасы
Мектепішілік жарыстар оқушыларды дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткізіледі.
2023 жылғы 1 қарашада күзгі демалыстағы іс-шаралар жоспарына сәйкес "Рузаевка орта мектебі" КММ 5-11 сынып оқушылары Ұлттық мектеп лигасына белсенді қатысты.
Іс-шара барысында шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату бойынша жарыстар өтіп, жеңімпаздар анықталды.Марапаттау салтанатты жиында екінші тоқсанның бірінші оқу күнінде өтеді.