Образование
06.01.2023
Жаңа жыл - ең сиқырлы қысқы мереке.
Жаңа жыл - ең сиқырлы қысқы мереке.
2022 жылғы 27 желтоқсанда "№1 Новоишим орта мектебі" КММ–нде өткен аудан әкімі Серік Мақсұтұлы Мұхамедиевтің "Қош келдің жаңа жыл - жаңа белес, жаңа арман!" атты жаңажылдық шыршасына "Рузаевка орта мектебі" КММ оқушылары қатысты.
Аудан әкімінің құттықтау сөзінен кейін балалар сиқыр әлеміне, жарқын театрландырылған қойылымға, музыкаға, балалардың сүйікті ойындарына бой алдырды. Аяз Ата мен Ақшақармен бірге олар шыршаны жағып, ертегі кейіпкерлерімен билеп, қуанышқа бөленді.
Жаңажылдық шыршаның соңында балаларға сыйлықтар табысталды.





